ОСК-ның бүгінгі отырысында осы мәселе жөнінде баяндаған ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, осылайша Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде елімізде тіркелген байқаушылар саны 244-ке жетті. «Олардың 74-і Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары институты бюросының миссиясынан болса, 102 байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына мүше елдердің байқаушылар миссиясының өкілдері. Сондай-ақ 109 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілі болса, 9 адам Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен. Сондай-ақ 50 байқаушы 19 мемлекеттің атынан өкілдік етіп отыр»,-деді ОСК мүшесі.
15:53, 27 Желтоқсан 2011
ОСК Мәжіліс депутаттарының сайлауына 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 байқаушыны тіркеді
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс депутаттарының сайлауына 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 байқаушыны тіркеді.