ОСК Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президентi ретiнде тiркеу туралы қаулы қабылданды.

"ҚР-дағы сайлау туралы» қаулыға сәйкес және Орталық, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссияларының ҚР Президентін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайланған ҚР Президенті деп тіркеу туралы қаулы қабылдады", деді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов комиссия отырысының барысында.