ОСК-ның мәслихат депутаттығына кандидат етіп тіркеген азаматтар саны 63-ке жетті

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Желтоқсанның 9-ы күнгі мәліметтер бойынша, елімізде келесі жылға жоспарланып отырған мәслихат депутаттарының сайлауында 4 мың 500 үміткер ұсынылды.

Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, депутаттыққа ұсынылған азаматтардың 407-і облыстық және Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғылары келеді. Сондай-ақ 3 мың 392 азамат аудандық мәслихаттың, 701 адам қалалық мәслихаттың депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 63 адамды тіркеді.