Бұл туралы ол бүгін 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Президентікке кандидаттар Мелс Елеусізов пен Ғани Қасымов Орталық сайлау комиссиясына өздерінің билбордтарын Астана мен Алматы қалаларында және еліміздің облыстарында жеделдетіп орналастыру ісіне көмектесуді сұрағандығы жөнінде осыған дейін хабарланған болатын.
«Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясының ықпалымен аталған екі кандидаттың есебінен барлығы 100 билборд дайындалуда. ОСК 19 наурызға таман оларды Астана мен Алматы қалаларында және еліміздің өзге де облыстарында орналастыруға ықпал етеді»,-деп атап көрсетті ол.