келесі аптада Орталық сайлау комиссиясы оны кезектен тыс Президент сайлауына кандидат етіп тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдайды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Кезектен тыс Президент сайлауынан үміткер Амантай қажы Асылбек бүгін емтихан тапсыруы керек. Алайда оның емтихан тапсыру үшін Алматыдан келе жатқандығы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан аталмыш азамат бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырмаса, келесі аптада біз оны кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидат етіп тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдаймыз»,-деді ОСК төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс Президенттік сайлауға үміткер Амантай қажы Асылбек алдын ала белгіленіп, ескертілгеніне қарамастан Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысына екі рет келмей қалды.