Оның сөзіне қарағанда, мәслихат депутаттарын сайлау бойынша, сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен орналасқан жері, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында 26-шы қарашадан кешіктірілмей жариялануы тиіс. «Сондай-ақ жақын арада біз Сыртқы істер министрлігіне халықаралық байқаушылар институтын ашу туралы хат жолдайтын боламыз»,-деді ОСК төрағасы.
16:12, 16 Қараша 2011
ОСК Сыртқы істер министрлігіне халықаралық байқаушылар институтын ашу туралы хат жолдамақ
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат пен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында 23-ші қарашадан кешіктірілмей жариялануы тиіс. Бұл туралы бүгін 5-ші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты журналистермен болған брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.