Халықаралық байқаушы түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің атынан өтінім берген.
«ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 14-3/1918 ұсынымы негізінде түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің байқаушысы Джейхун Шахвердиевті аккредиттеу күшін жою және куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім шығарылды. Оның орнына өзге байқаушы - Фарух Джумаев аккредиттелді», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина комиссияның ашық отырысында.
Оның айтуынша, бұған дейін ЕҚЫҰ байқаушысы да ауыстырылған. Мұндай шешімдер халықаралық ұйымдардың өтінімімен жүзеге асырылады.
2019 жылдың 3 маусымында сағат 18.00-де халықаралық ұйымдар мен өзге мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу тоқтатылады.