АНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 16 наурызда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов кезектен тыс Президент сайлауына дайындық мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, брифинг Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында сағат 11-де өтеді. Шетелдік журналистерді тіркеу шараларын ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жүзеге асырады. Ал, қазақстандық БАҚ өкілдерін тіркеу жұмыстары Байланыс және ақпарат министрлігінің құзырында.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.