ОСК жаңадан сайланған Сенат депутаттарына куәлік пен төсбелгілерін табыс етті

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы биылғы жылдың 19-шы тамызында сайланған Парламент Сенаты депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Аталмыш қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жаңа сайланған депутаттарға тиісті куәліктер мен төсбелгілерін табыс етіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 19-шы тамыз күні елімізде өткен Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында Астана қаласынан Владимир Редкокашин, Алматыдан Ақан Бижанов, Ақмола облысынан Жабал Ерғалиев, Ақтөбе облысынан Елеусін Сағындықов, Алматы облысынан Ләззат Тұрлашов, Атырау облысынан Қайрат Ищанов, Шығыс Қазақстан облысынан Талғатбек Абайділдин, Жамбыл облысынан Ертарғын Әстаев, Батыс Қазақстан облысынан Рашит Ахметов, Қарағанды облысынан Серік Ақылбай, Қостанай облысынан Жеңіс Нұрғалиев, Қызылорда облысынан Мұрат Мұхамедов, Маңғыстау облысынан Бақтыбай Шелпеков, Павлодар облысынан Асхат Күзеков, Солтүстік Қазақстан облысынан Самат Ескендіров, Оңтүстік Қазақстан облысынан Қуаныш Айтаханов сайлаушылардың басым даусына ие болып, жеңіске жеткен болатын.