ОСК: «Желтоқсан» қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметов Президент болуға бел буған 21-ші үміткер болып отыр

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысқысы келетін тағы бір азамат құжат тапсырды.

Бұл туралы Бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1965 жылы туылған Құрманғазы Рахметовты «Желтоқсан» республикалық, халықтық-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.