Де Ла Хояның айтуынша, олар Головкиннің промоутері Томом Лёффлермен бұл мәселе жайында ақылдасуда.
«Бұл айқасты ұйымдастыра аламыз ба, көреміз. Мен әлі Эрик Гомеспен (Golden Boy вице-президенті) алдағы күзде осы жекпе-жекті жасау мүмкіндігі жайлы тағы сөйлесемін. Мен қашанда фанаттарға нағыз айқастарды көрсетуге тырысамын, ал бұл кездесу де ең ең мықтыларының бірі болады».