Оскар Де Ла Хойя: Егер Мейвезер мен Головкин айқасса, мен жеңгенімен кездесер едім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions президенті Оскар Де Ла Хойяның боксқа қайта оралып, қазіргі кезеңдегі ең мықтылармен кездеспек ойы бар, деп жазады Sports.kz.

«Мен Флойд Мейвезер мен Геннадий Головкиннің айқасы «нағыз дауыл» болғанын, ал өзіме келсем, жеңімпазбен кездесуді қалаймын. Бұл болуы мүмкін бе? Мүмкін иә, мүмкін жоқ, кім біледі. Мен ақылға сыймайтын дүниелерді көрдім. Бірақ өзім айтқанымдай, ең үздіктермен кездесу үшін боксқа қайта ораламын», - деді Де Ла Хойя BoxingScene.com-ға берген сұхбатында.