Оскар Де Ла Хойя: «Головкин - Альварес айқасының болатынына еш күмән жоқ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя Foxbusiness.com-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі уақыты келгенде болатынына күмән келтірудің қажеті жоқ деп жауап берді.

«Күмәнданатын ештеңе жоқ. Бұл айқасты жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Канелоның қазіргі бар міндеті алда өтетін Амир Ханмен жекпе-жекте жеңіп шығу. 8 мамырда келесі қарсыластың кім болатынын айтатын боламыз»,-деді ол.