Оскар де ла Хойя: «Канело Головкин салмағының үздігі атанады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикандық боксшы Сауль Альварес Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя Los Angeles Times берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегі жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

- Головкин өзінің басты қарсыласы - Брукпен жекпе-жекте осал көрінді. Кездесу нашар өткен кезде, Головкиннің әлсіз тұстары көрініп қалады. Бәлкім, биыл Канело 160 фунтта жұдырықтасқанда да дәл осылай болар. Бұл салмақта Канело үздік атанады. Оның Головкинмен кездесуі ең әсерлі оқиға болмақ. Канело үнемі қызықты, еліктіргіш ойындар өткізеді, оның Головкинмен жекпе-жегі де аншлагпен өтеріне сенімдімін, - деді де ла Хойя.

Айта кетейік, Головкин - Канело айқасы 2017 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.