АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxrec.com мәліметінше, Диего Де Ла Хойя мен Рэнди Кабальероның 10 раундтан тұратын жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің бағдарламасына ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Шоудың басты оқиғасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі болмақ. Диего Де Ла Хойя Альварес промоутері Оскар Де Ла Хойяның немерелес інісі болып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін кеш андеркардына Антонио Ороско мен Роберто Ортис айқасы енгізілген болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.