«Оскар» иегері қазақ ақынының өлеңдерін оқып берді
«Танымал француз актрисасы біздің елорданы 20 жылдығымен құттақтау үшін келді. Сонымен қатар фестиваль аясында моноспетакльмен өнер көрсетті. Атап айтқанда, Жюльет Бинош қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың «Өлең туралы» және «Сарыарқа» өлеңдерін оқып беріп, жиналған жұртшылықты таңғалдырды. Жалпы, осы жайт француз актрисасы мен қазақ ақынының шығармашылығын құрметтейтін адамдар үшін тосын сый болды», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында.
«Актриса Қазақстан халқының ақ пейіл ниетіне қуанғанын жеткізіп, ұзақ мерзімге біздің елге тағы да сапарлап келуді жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар Жюльет Бинош біздің отандасымыз Самал Еслямованың үлкен жетістігі үшін қуанышты екенін атап өтті», - деп қосты А. Мұхамедиұлы.
«Астана» ІІ Дүниежүзілік театр фестивалінің жабылу салтанатына «Оскар» сыйлығының иегері, француз актрисасы Жюльет Бинош келетінін бұған дейін жазған едік.