Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен, деп хабарлайды Reuters.
Актер Нил Патрик Харрис ұйымдастырған шоу көрермендерді әзілқой Эллен Де Дженерес жүргізген өткен жылғы телехабардан 16 пайызға аз тартты. Онда трансляцияны 43,7 млн адам көрген еді. Бас жүлде Алехандро Гонсалес Иньярритудің «Бердмен» фильміне бұйырды. Джуллиана Мур «Ең үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алса, Эдди Редмейин жылдың «Үздік актері» болды. Шет тілдегі үздік фильм аталымын поляктардың «Ида» фильмі еншіледі. Андрей Звягинцевтің «Левиафан» фильмі жүлдеден құр қалды.