«Оскар» сыйлығына үміткерлерге дауыс беру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың киноөнер академиясының мүшелері 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Оскар» киножүлдесіне үміткерлерге дауыс бере бастады, деп хабарлайды ВВС.

Академияның қазіргі мүшелері үміткерлерді іріктемек. Олардың қатарында: Уилл Смит, Кира Найтли, режиссер: Квентин Тарантино мен музыкант Элтон Джон бар.

Әлемнің ең беделді киножүлдесіне үміткерлердің есімдері 2015 жылдың 15 қаңтарында белгілі болады.

«Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі 22 ақпанда өтеді. Оны Нил Патрик Харрис жүргізеді.