Бұған дейін ол осы әні үшін «Алтын глобус» сыйлығын иеленген болатын.
Ең үздік режиссер болып «Пи өмірі» фильміндегі жұмысы үшін Энг Ли алды.
Австриялық актер Кристоф Вальц «Екінші пландағы ең үздік актер» аталымы бойынша Квентин Тарантиноның «Джанго» картинасында «баскесердің» рөлі үшін наградаға ие болды. Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» үшін «Оскарды» Виктор Гюгоның романы бойынша түсірілген «Қуылғандар» фильміндегі Фантинаның рөлі үшін Энн Хэтуэй алды.
Ең үздік анимациялық лента болып Pixar студиясының «Батыл жүрек» мультфильмі танылды. «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында «Оскарды» Михаэль Ханекенің «Махаббат» картинасы алды.
Кино өнері және ғылым академиясының 85-інші салтанатты рәсімі әлемнің 225 елінде тікелей эфир арқылы көрсетілуде.