Өскемен әкімінің орынбасары қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтік көлігін жеке мақсатқа пайдаланған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің облыстық әдепкеңесінің отырысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Серік Жеңісов қызметтіккөлігін жеке мақсатқа пайдаланғаны үшін Әдеп кодексінің нормаларын бұзды деп айыпталған.

«Осы теріс қылық жасағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес қалаәкіміне ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Яғни, ол ескерту алды», - деп хабарладыдепартаменттің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында дәл осындай нормаға қайшы әрекеттерКөкпекті, Глубокое және Зайсан аудандарында да тіркелгені айтылды.

Ал ШҚО полиция департаментінің әкімшілік полициябасқармасының бастығы Ернар Бекназаров әкімдік жүргізушілерінің айыппұлтөлеуден жиі жалтаратынын айтады.

«Мысалы, Аягөз ауданында әкім аппаратының жүргізушісіОмарғазин өткен жылдан бастап айыппұл төлемеген. Біз Омарғазин мен әкімаппаратына айыппұл туралы жазбаша ескерту жібергенбіз, бірақ әлі төленген жоқ.Ақырында материалды сот орындаушыларға жібердік. Әрбір басшы мұндай фактілерүшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттік орган жүргізушілері жол ережесінбұзу арқылы бірінші кезекте өз басшыларының абыройына сын келтіреді» - дедіЕрнар Бекназаров әдеп кеңесінің жиынында.

Соңғы жаңалықтар