Өскемен — Алтай тасжолында жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 қазан сағат 21:00-ден бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 7–166 шақырымында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Бүгін сағат 21:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 7 — 166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылы 31 қазан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстанда биіктігі 45 метрлік Пихтовка көпірі пайдалануға беріліп, Өскемен – Алтай бағытындағы 28 шақырым жол қайта жаңғыртылды. Жаңа жол Осинов асуының қауіпті бұрылыстарын айналып өтуге мүмкіндік береді.