ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-дан 66 шақырымға дейінгі учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Жолда тиісті белгілер орнатылған. Шектеу қыс мезгілінің соңына дейін сақталады», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент мамандары облыс тұрғындарына қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.