«Өскемен-Алтай» тасжолында жүк көлігі аударылды
21:49, 13 Қыркүйек 2021
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жүк көлігі аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 12 қыркүйекте «Өскемен-Алтай» тасжолының 98-ші шақырымында болған.
«52 жастағы жүргізуші SHACMAN маркалы көлікті тізгіндеп келе жатты. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол аударылып түскен. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.