Өскемен аспанын түтін басып тұрғанына 16 күн болды

Фото: Лашын Жәрденбек

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанына 16 күн болды.

Қала тұрғындары жел соқпай, ауа сапасының бұзылып тұрғанын айтуда. 

— Өкінішке қарай, біз желге тәуелді болып тұрмыз. Жел соқса, көшеде кеңірек тыныстай алар едік. Қолайсыз метеорологиялық жағдай күндері тек үйде отыруға тырысамыз, — дейді Бекзат есімді өскемендік.

Шаһарды түтін басып тұрғанына бүгін 16 күн болды. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 4 наурыз сағат 20.00-ге дейін екінші дәрежелі ҚМЖ сақталады. 

Ал ертеңгі болжам әлі жария етілмеді.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанына жарты ай болатындығы хабарланған