Өскемен әуежайы басшылығына айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Өскемендегі әуежайға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107 – бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары-әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және «Өскемен әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 570-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК (735 120 тг.) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.



Фото: storage.myseldon.com