ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы балабақшаларда санитарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ата-аналарға да мектепке дейінгі мекемелердің ішіне кіруге рұқсат берілген. Алайда ондағы санитарлық бақылау күшейтілетін болады», - деп хабарлады қаладағы коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында құрылған штаб өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ жолаушылар автобустары әр рейс сайын дезинфекцияланып жатыр.
Қала әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қоры жеткілікті екенін мәлім етті.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.