Ұлан ауданы Баяш Өтепов ауылы маңында Chevrolet Cobalt пен Mitsubishi Pajero автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.
- Ал Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда көлік бес жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған.