Өскемен халқын 1 млрд теңге шығынға батырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Фото: Фото: freepik.com

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде үш тұрғын үй саламын деп халықтан бір млрд теңгеден астам қаражат жинап алған құрылыс компаниясының иесіне сот үкімі шықты.

 

Белгілі болғандай, 2021 жылдың наурыз айында кәсіпкер өзінің компаниясы туралы жалған кіріс анықтамасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (ӘКК) тапсырған.

- Осы жалған мәліметтердің негізінде ол ӘКК-ден құрылысқа деп 206 млн теңге көлемінде қаржы алған. Алайда кейін құрылыс материалдарының қымбаттауы мен бюджет тапшылығын алға тартып, болашақ пәтер иелерінен қосымша қаражат жинай бастаған, - делінген ақпаратта.

Алайда құрылыс сол күйі аяқталмаған. Ал жиналған қаржы ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сот кәсіпкерді аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да ақша бопсалаған 3 полицей сотталғаны хабарланған.