Белгілі болғандай, 2021 жылдың наурыз айында кәсіпкер өзінің компаниясы туралы жалған кіріс анықтамасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (ӘКК) тапсырған.
- Осы жалған мәліметтердің негізінде ол ӘКК-ден құрылысқа деп 206 млн теңге көлемінде қаржы алған. Алайда кейін құрылыс материалдарының қымбаттауы мен бюджет тапшылығын алға тартып, болашақ пәтер иелерінен қосымша қаражат жинай бастаған, - делінген ақпаратта.
Алайда құрылыс сол күйі аяқталмаған. Ал жиналған қаржы ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сот кәсіпкерді аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да ақша бопсалаған 3 полицей сотталғаны хабарланған.