Автобустар облыс орталығының автобекеті мен Шалқар көлі (үшінші Сібе көлі) аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өскеменнен шығу уақыты сағат 08:00, Сібе көлдерінен шығу уақыты сағат 18:00. Қосымша ақпаратты 8 (723) 270 02 25, 8(7233)827 159 телефондары арқылы алуға болады.
Астана күнінде ШҚО Шалқар көліндегі муниципалды жағажай туристерді қабылдауға дайын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алакөл мен Сібе көлдеріндегі жағдайға баса назар аударып, өңірдегі туризмді дамытуды жолға қойып келеді. Өңір басшысы Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаевқа Сібе көлдеріндегі олқылықтарды 6 шілдеге дейін түзетуді тапсырған болатын.