Өскемен қаласының әкімі Қабанбай батырдың ескерткішін тазалады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сенбілікке қатысып, Қабанбай батыр ескерткішін жуды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол сондай-ақ, «Каравай» нан зауытының жұмысшыларына Ұлан ауданындағы Герасимовка ауылының жанындағы өзеннің жағасын қоқыстардан тазартуға көмектесіп, бірлесіп 200 қап қоқыс жинады.

 
Қалалық әкімдік қоқыстарды шығаруға қажетті техникаларды жұмылдыруға көмектесті. Нан зауытының директоры Нұржан Жаңабаев өзен жағасын қоқыстан тазарту - зауыт ұжымының бастамасы екендігін айтты. Ол жерлестерін қоршаған ортаны ластамай, таза ұстауға шақырды.