Қала әкімі Ислам Әбішев таңертең облыс орталығының барлық көшелерін аралап, қар тазалайтын техниканың қалай жұмыс істейтінін тексеріп шықты. Жұмыс қорытындысын аппарат отырысында жариялап, сәрсенбі 31-ші қарашаға дейін мердігерлік ұйымдар қала көшелерінде тәртіп орнатпаса, тендер талабын орындамағаны үшін келісім шартты бұзатынын айтты.
Мәселен, «Өскемен-Тәртіп» мекемесінің жолға арналған 140 арнайы техникасының орнына 70-і ғана шықса, жаяужол және аялдамаларды тазалайтын 105 адамның ішінен 70-і ғана жұмыс істейді екен.
Жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне сын айтылды. Дүкендердің иелері қарды тазаламай, өздерінің жеріне байланысты ережелерді сақтамайды.
«Жұмыс істегісі келетіндер баршылық, 31 қарашаға дейін тәртіп орнатпасаңдар, тендер талабын орындамағандарың үшін келісім шартты бұзамыз», - деді қала әкімі аппарат отырысында.