Қаладағы колледждердің біріндегі асханадан тамақ ішкен 10 бала уланып қалған. Қазіргі уақытта білім ордасының студенттері 2 күнге қашықтан оқытуға жіберіліп, аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.
«11 қазанда қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігіне (Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар мен зертханалық зерттеулер тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Осы ретте, ШҚО Білім басқармасы да оқиғаның себебі анықталып жатқанын мәлім етті.