Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы бірнеше көшеде жол жиегі кеңейтілуде. Осы ретте ауқымды жұмыстар Шәкәрім даңғылында жүргізілуде.
Гоголь көшесінен Белинский көшесіне дейінгі аралықта қосымша екі жолақ қосылмақ. Сонымен қатар Пограничная көшесі де кеңейтіліп жатыр.
«Бұдан бөлек, Тоғас көшесінде жөндеу жұмыстары қарқын алған. Бүгін жөнделген учаскені Понтон көпірімен қосу аяқталды. Бірнеше күннен кейін жаңартылған жол автокөлік жүргізушілері үшін ашық болады», - деп хабарлады әкімдіктен.