ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында көшелерді қардан тазарту жұмыстарын қадағалау мақсатында жедел штаб құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өскеменде соңғы күндері толассыз жауған қарды тазалауға техникалар мен жұмыс күші аздық етуде. Осыған орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары мен еріктілер тартылған.
«Қар тазарту жұмыстары және техникалардың бекітілген маршрутқа сай жүруі тұрақты бақылауда. Қала әкімі Жақсылық Омардың тапсырмасымен «Жаңа Согра» МКК базасында тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылды. Полиция басқармасымен және барлық жауапты бөлімдермен үнемі байланыстамыз», - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.