ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда қарлы боран, қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты бүгін сағат 18.45-тен бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-154 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұл - Герасимовка ауылынан Шүлбі ауылына бұрылысқа дейінгі аралық.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Абай облысындағы екі тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынған.