«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен және Семей қалаларындағы ХҚО-ларда жаңа қызмет іске қосылды.
Автокөлікті мамандандырылған ХҚО-да тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде клиент сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа жерде кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Көлікті қайта тіркегеннен кейін азаматтарға ақпараттық жүйелері біріктірілген сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады.
«Мамандандырылған ХҚО-да автокөлікті сақтандыру арқылы уақытты үнемдеуге болады. Бір терезе арқылы көлікті қайта ресімдеп, оны бірден сақтандыруға мүмкіндік бар», - деді филиал директоры Азамат Есембулов.
Сондай-ақ тұрғындар автокөлікті мобильді банк қосымшасында қайта ресімдей алады.
Бұл сервис Kaspi және Halyq Homebank қосымшаларында онлайн қолжетімді.