Өскемен мен Зайсан қалалары арасындағы әуе рейсі қайта іске қосылады

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Зайсан қалалары арасындағы әуе қатынасы мемлекеттік субсидиялау конкурстары аяқталғаннан кейін қайта жанданады. 

Әлеуметтік маңызы бар бағытқа 2026 жылға арналған бюджеттен қаржы қайта бөлінді. Соның нәтижесінде рейс әуе қатынасы кестесіне енгізілді.

Билет құны барып-қайтуға 34 мың теңгені құрайды. Аталған тарифке салмағы 20 келіге дейінгі жүк тасымалы кіреді.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әуе тасымалдаушысын анықтау бойынша конкурс рәсімдері толық аяқталған.

– Биыл Өскемен-Зайсан бағытына субсидия бөлу қарастырылған. Конкурстар өткізіліп, тасымалдаушы анықталды. Бұл рейстерді қайта жандандыруға және әуе билеттерінің бағасын қолжетімді қылуға мүмкіндік беріп отыр, - деп хабарлады басқармадан.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы әуежайына жаңа халықаралық әуе компаниялары келе бастағаны хабарланған.