«Өскемен – Рахман қайнары» автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қойылғаны жайлы ақпарат жариялады.

– 3 қазан сағат 01:30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-66 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін «Үшарал — Достық» автожолындағы қардан қорғайтын қоршаулар қирап қалғанын жазған болатынбыз.