Өскемен іргесіндегі саяжайдан әйелдің мәйіті табылды
19:00, 19 Тамыз 2024
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан әйел адамның мәйіті табылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оның кім екендігі анықталып жатыр.
«Әйел адамның денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Марқұмды өлтірген күдіктінің кім екендігі әзірге белгісіз.
Еске салсақ, осыған дейін елдің шығысынан жылқы ұрлап, оңтүстікке сатумен айналысқан қарулы топ ұсталғаны хабарланған.