Жолдағы апат салдарынан жағармай төгіліп, екі автомобиль өртеніп кетті, деп хабарлайды YK-avto.kz тілшісі.
Алдын ала ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы өткен бейсенбі күні Өскемен-Риддер күре жолының Белоусовка кентіне жақын учаскесінде, түстен кейін болған. Соқтығысқаннан кейін жанармай жолға төгіліп, екі машина отқа оранған. Көліктер апат куәгерлерінің көз алдында жанып кетті.
Қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.