Өскемен-Риддер тасжолында асфальттың опырылғаны жайлы ақпарат – жалған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында асфальттың опырылғаны жайлы жалған ақпарат тарап жатыр. 

Фото: КазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалының мәліметінше, республикалық маңызы бар Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары және Өскемен-Семей бағыттарындағы жолдарда орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Бұл жобаларда жер төсемінің иірімін (пучиналарды) жою шаралары да қарастырылған. Ал бұл жұмыстарды видеоға түсіріп алғандар желіде Өскемен-Риддер тасжолында асфальттың опырылғаны жайлы жалған ақпарат таратқан. 

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жолды су шайып кеткені жайлы жазғанбыз