ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ «Семей-РФ шекарасы» тасжолында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) автобустар мен жүк көліктерінің қатынауына шектеу қойылды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Семей-Курчатов» тасжолының 4-130 шақырымы және «Семей-Қарауыл» тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жабылғаны хабарланған болатын.