«Өскемен-Таулы Үлбі» автожолына қар көшкіні түсті, жол жабық

None
ӨСКЕМЕН. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» көлік жолының 31-ші шақырымында

100 текше метр көлемде өздігінен қар көшкіні жүрді. Қазіргі уақытта жол жабық, деп хабарлады ТЖ қызметінен.

Бұл ретте, қар көшкіндерінің өздігінен жүруі кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін «Өскемен-Зырян» және «Өскемен-Тарғын-Самар» күрежолдары түнгі уақытқа жабылды.

Қазіргі кезде аймақтағы барлық жолдар ашық. Тек «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тас жолының 17-64 шақырымы аралығында қозғалысқа шектеу қойылды.