100 текше метр көлемде өздігінен қар көшкіні жүрді. Қазіргі уақытта жол жабық, деп хабарлады ТЖ қызметінен.
Бұл ретте, қар көшкіндерінің өздігінен жүруі кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін «Өскемен-Зырян» және «Өскемен-Тарғын-Самар» күрежолдары түнгі уақытқа жабылды.
Қазіргі кезде аймақтағы барлық жолдар ашық. Тек «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тас жолының 17-64 шақырымы аралығында қозғалысқа шектеу қойылды.