ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Самал саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан.
«Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан «Subaru Impreza» маркалы көлікті байқады. Сүңгуірлер көліктің ішін қарап шықты, онда адам болған жоқ», - делінген ақпаратта.
Кейіннен белгілі болғандай, қала тұрғыны көлігін тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Соның салдарынан көлік Ертіске қарай сырғып кеткен.