Бұл туралы «Время» газеті жазды.
Аталған бастаманың қағаз жүзінде қолға алынғанына біраз уақыт болды. Себебі қаладағы көпқабатты үйлердің көбісі өндіріс ошақтарына жақын орналасқан. Ал ол жердің тұрғындары ластанған ауамен тыныстап жүруге мәжбүр. Енді, қала басшылығы қағаз жүзінде болған жоспарды іс жүзінде қолға алуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта бюджеттен ақша бөлінуі тиіс. «Ең алдымен қай аудандарды көшіретінімізді анықтап алу қажет. Шамамен, келесі жылдан бастап біз осы бағдарламаны бастайтын боламыз», - дейді әкімнің баспасөз хатшысы Лариса Поломошнова.