Өскемен тұрғыны 30 жыл құжатсыз өмір сүрген

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен тұрғыны 30 жылға жуық жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген. Бұл туралы ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің көші-қонқызметіне облыс орталығының 46 жастағы тұрғыны Марат Тұлыбаев жүгінді. Оныңқолында 1989 жылы берілгенескі үлгідегі төлқұжат қана болған. Содан бері жеке басына ешқандай құжатрәсімдемеген. Өзінің айтуына қарағанда, құжат рәсімдеуге әуелде қаражаты болмаған.Кейін заң алдындағы жауаптылықтан қорқып, ешбір органға жүгінбеген. Ол бұғандейін құжатқа деген асабір қажеттілік болмағанын айтады», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі АзаматРаисов.

Полиция қызметкерлері өскемендік тұрғынға екіаптаның ішінде қажетті құжаттарды жинауға көмектескен.

«Әуелі туу туралы куәліктің түпнұсқасын, орта мектепбітіргені туралы анықтаманы көтерттік. Өтініш иесі КСРО ыдырағаннан кейін ешбірелдің азаматтығын алмаған екен. Барлық қажетті құжаттарды жинағаннан кейін көші-қонбасқармасы оған Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын анықтаматабыс етті. Аталған анықтамамен азамат кез келген Халыққа қызмет көрсетуорталығынан жеке куәлігін ала алады. Бұл ретте, оған қандай да бір айыппұл санкцияларықолданылған жоқ.Тек жеке куәлікті ресімдеу үшін 500 теңге көлемінде мемлекеттікбаж салығын төлеуі тиіс», - дейді Азамат Раисов.

Соңғы жаңалықтар