Қалалық ПБ Сол жағалау полиция бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өз сөзінде ол сәуір айының ортасында «ВАЗ» маркалы автокөлігін сататындығын айтқан белгісіз ер адамға 1 500 000 теңге бергенін жеткізді. Алайда ақша қолына тиген соң алаяқ хабар-ошарсыз кеткен.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 31 жастағы Өскемен тұрғыны өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.