ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын ала шарасы аясында 40 жастағы ер адамның пәтеріне тінту жүргізген.
Соның нәтижесінде 2 тапанша, оқ-дәрілер, 5 дана газбаллон тәркіленді.
Баллистикалық сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат «45 Rubber» калибрлі жарақат салатын оқпен ататын газ тапаншасы болып шықты.
«Тапанша зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды. Сондай-ақ 6 оқ-дәрі табылған. Ал 4,5 мм калибрлі тағы бір газбаллонды пневматикалық тапанша спорттық және жаттығу атыстарына арналған» делінген хабарламада.
Күдікті өз сөзінде тәркіленген заттарды Белоусовка ауылында тұратын 43 жастағы танысының дәмхана жанынан тауып алғандығын түсіндірді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.